Қытайда тұратын қазақ қызы халықаралық байқауға жолдама алды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Қазақ қызы халықаралық арулар байқауына жолдама алды - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Қытай елінің атынан халқаралық арулар байқауына қатысатын жеңімпазды іріктеу сынында Мерей Әнуарқанқызының мерейі үстем болды, деп жазады Қытайлық kazakcnr.com сайты.

«Қытайдың Гуандун өлкесінде 59ـшы кезекті халықаралық арулар байқауының Қытай еліндегі соңғы іріктеу сынында Шыңжан өлкесінен келген қазақ қызы Мерей Әнуарқанқызы бас жүлдені еншіледі. Аталған байқауда Қытайдың әр өңірінен келген 50 ару бақ сынаған. Осылайша, 23 жастағы қазақ қызы 2020 жылы өтетін халқаралық арулар байқауына (Miss International Competition) Қытай елінің атынан қатысатын жолдаманы жеңіп алды»,- деп жазады CNR.

Аталған БАҚ-тың келтірген мәліметінше, халқаралық арулар байқау (Miss International Competition) алғаш рет 1960 жылы АҚШ-та ұйымдастырылған. Әлемнің 100- ден астам елінің сұлуларының басын қосатан байқау келер жылы 59 кезекті бәсекесін өткізбек. Бұл дүбірлі дода әлемдік үш үлкен сұлулар байқауының бірі. Байқау әлемдік ортада «Арулар олимпиядасы» деп аталып жүр. Сұлулық фестивальнде арулардың сыртқы келбетін бағалап ғана қоймай, олардың адамгершілік болмысын да сынайды. Сондай-ақ, басқа елдер мен халықтардың мәдениетін түсінуге, ізеттілікке, достыққа, жер бетіндегі бейбітшіліктің маңызын ұғындыруға басымдылық берілген.

Бұқара 2020 жылда «Ислам мәдениетінің астанасы» болып жарияланды - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

16 қыркүйекте Мысыр астанасы Каирде Өзбекстан Республикасы СІМ орынбасары Дилшот Ахатов пен Мысыр Араб Республикасы СІМ орынбасары Хани Салим басшылығындағы делегация өкілдері қатысуымен Өзбекстан мен Мысыр Сыртқы істер министрліктерінің саяси кеңесінің 9-шы раунд кездесуі өтті, деп жазады Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, кездесуде екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы жан-жақты талқыланып, аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылып қана қоймай, нақтылы екі елдің географиялық орналасуының арақашықтығының алыстығына байланысты ортада сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстардың мүмкіндігін пайдаланбай жатқандығына жете назар аударылды.

Екі жақтық кездесу барысында Өзбекстанның Бұқара қаласын 2020 жылда «Ислам мәдениетінің астанасы» деп жариялап, ондағы өтетін Ислам дінінің өркендеуіне байланысты шараларға Мысыр елі құлшына қатысуға ниетті екенін жасырмады.

Тараптар туризм саласы мен мәдениет және білім саласына байланысты ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.


Алтай қаласы «Қазақ ұлтының ән ـ би мекені» атағын еншіледі - «Алтай ақпарат» сайты

Қытайдың Шыңжан автономиялы өлкесінің Әдебиет ـ көркемөнершілер бірлестігі мен Шыңжан халықтық көркемөнершілер қоғамы Алтай қаласына «Қазақ ұлтының ән ـ би мекені» атағын берді, деп хабарлайды altxw.com сайты.

«Алтай қаласында осы уақыттарға дейін ұлттық салт-дәстүр мәдениетін дәріптеу мақсатында түрлі ауқымды іс- шаралар ұйымдастырылып келеді. Алтай аймағы бұған дейін «Адамзаттың қар шаңғы мекені», «Қазақ ұлтының салт ـ сана мәдениетінің сақталған жері» секілді атақтарға ие болған. Бұл жолғы «Қазақ ұлтының ән ـ би мекені» атағы Алтай қаласының атын әйгілеп, ұлттық мәдениеттің өркендеуіне жол ашып, шабыттандыруды көздеген. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық мәдениетін танып-білуге қызығатын туристердің Алтай қаласына келуіне насихат болады», - деп жазады «Алтай ақпарат» сайты.


Таэквондодан екі қола жүлде бұйырды - kaznews.mn

Ұланбатыр қаласында балалар арасындағы спорттан VI мемлекеттік фестиваль өтті. Бұл жарысқа Баян-Өлгей аймағынан 82 спортшы қатысты, деп жазады Моңғолияның KAZNEWS ақпараттық порталы.

«Аталмыш жарыста Моңғолияның әр аймағынан келген 6000 мыңға жуық спортшы, спортың 34 түрінен күш сынасты. Таэквондодан Ұлдар арасындағы 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Серғазыұлы Нурбек пен қыздар арасындағы сайыста +55 келі салмақ дәрежесіне өнер көрсеткен Асылбекқызы Әсемхан қола жүлдеге ие болды», - деп жазады KAZNEWS.


«Қытайдың ең көркем жері» атағын алған Іле жайлаулары Іле газеті

Қытайдағы Іле қазақ Автономиялы облысына қарасты Іле аймағының қай ауданынан барсаңызда көркем, сұлу табиғаттың тамаша сыйына куә боласыз, деп жазады Іле газетінің ақпараттық сайты.

«Іле аңғарының географиялық түзілісі өзгеше, терістік, шығыс, түстік үш жағын бірдей тау қоршап тұрады. Бұл аймақтағы Нарат, Таңбалы, Күнес, Моңғолкүре аталатын атақты жайлаулары Қытай еліне кең танылған ірі туристік орталықтар саналады. Дүние жүзіндегі қазақ ең көп әрі тығыз қоныстанған Күнес ауданы да осы аймақта орналасқан. Халқының 80 пайыздан астамы қазақтар, яғни 300 мыңға жуық қазақ тұрады. 2005 жылы «Қытай мемлекет географиясы» журналының ұйымдастыруымен, Қытай еліндегі 34 ақпарат орталықтарының бірлесіп өткізген, «Қытайдың ең көркем жерін» анықтау жобасында Қытайдағы ең көркем 6 үлкен сахарасының бірі Іле жері болып таңдалған. Назарларыңызға осы көркем табиғат көрінстерінен фоторепортаж ұсынамыз», - деп жазады Іле газеті.

Иран мен Қазақстанның спорт саласындағы ынтымақтастығын кеңейту қажеттігі қуатталды - «Фарс» ақпарат агенттігі

ИИР Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Иран мен Қазақстанның спорт саласындағы ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін қуаттады, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Орта Азия елдерінің олимпиадалық комитетінің үшінші отырысына қатысу үшін Қазақстанға барған Реза Салехи Амири сәрсенбі күні осы отырыста Иран мен Қазақстанның әлеуеттерін таныстыра келіп, бұл әлеуеттердің екі елдің спорт саласындағы ынтымақтастығына жағдай жасайтынын айтты.

Ол осы отырыста Орта Азия елдерінің Олимпиада ойындарын өткізуге ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс мүше елдер тарапынан қолдау тауып, қабылданды.

Иран Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы, сондай-ақ, сәрсенбі күні өзінің қазақ әріптесі Тимур Құлыбаевпен кездесіп, екі елдің спорт саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы сұхбаттасты.

Кулибаев бұл кездесуде Иран комитеті басшысының Қазақстанға келгеніне қуаныш білдіріп, екі елдің спорттық әлеуеттерін пайдалануға және өзара ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

Түркия Өзбекстанның Түрік Кеңесіне қатысуына риза - TRT

Түркия Өзбекстанның Түркі Тілдес Мемлекеттер Ынтымақастық Кеңесіне (Түрік Кеңесі) толық мүше болып қатысу шешіміне ілтипат білдірді, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Өзбекстанның Түрік Кеңесінің Нахчыван келісіміне қосылу үшін қажетті ішкі мақұлдау процесін аяқтағаны хабарланды.

«Бізге байланысты құжаттар мен мәлімдемелер толықтанды. Қатысты бабтарға сай Нахчыван келісімі Өзбекстан үшін 2019 жылы 14 қазанда атқарылады. Дос және бауырлас Өзбекстанның Түрік Кеңесіне толық мүше болып қатысуымен Түркі әлемі ішіндегі ұйымшылдық бекемделеді, халықтарымыздың ортақ байлығы мен тыныштығы үшін жүргізіп отырған ынтымақтастығымыз күшейеді. Өзбекстанның Түрік Кеңесіне толық мүше болып қатысуына ризалығымызды тағы бір мәрте жеткіземіз» - делінген Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде.



Соңғы жаңалықтар