Қытайда туннель опырылып, 9 адам үйінді астында қалды

None
None
НАНЬНИН. Синьхуа – ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық ауданында туннель опырылып, 9 адам тау жыныстары үйінділерінің астында қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше оқиға бейсенбі күні шамамен сағат 18:00-де Лэе уезінде орын алған. Онда туннельдің төбесіндегі тастар опырыла құлай бастаған, деп хабарлайды жергілікті билік.

Оқиға орнына апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін полицейлер, өрт сөндірушілер, медициналық қызметкерлер, және ТЖ елеу ведомстволарының қызметкерлері шықты.


Соңғы жаңалықтар