Қытайда төрт күнде ішкі туристік сапарлар 100 млн-нан асты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда Еңбек күніне орай бескүндік мамыр мерекесінің алғашқы төрт күнінде ішкі туристік сапарлар саны 104 миллион болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша, осы уақыт аралығында ішкі туризмнен түсетін кіріс 43,23 млрд юаньға (шамамен 6,13 млрд АҚШ доллары) жетті.

Шектеулер енгізілуіне байланысты Қытайдың танымал көрікті жерлеріне келушілердің жалпы саны өткен жылғы көрсеткіштерден аз.

Айта кетсек, 2019 жылы мамырдағы мерекенің төрт күнінде Қытай тұрғындарының жасаған ішкі туристік сапарларының саны 195 млн болатын. Өткен жылдың мамыр айының демалыс күндеріндегі туризмнен түскен табыс 17,48 млрд.

Қытайда мамыр мерекесі күндері ең жоғары санаттағы 5А деңгейдегі 8,5 мың туристік нысан ашылды, бұл олардың жалпы санының 70%-ын құрайды.

«Мамыр мерекесінің алғашқы күнінде кейбір туристік нысандар лық толды, келушілер тіпті, маска дакиген жоқ», - деді ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ресми өкілі Ми Фэн.

Осыған байланысты Қытай шенеунігі халық көп жиналатын жерлерде маска кию және гигиена ережелерін сақтау қажеттілігін тағы да еске салды .

Еске сала кетейік, кеше ҚХР-дағы ірі онлайн-туристік қызмет операторы Trip.com биылғы жылдың 1-5 мамыр аралығында 80 миллионға жуық адам елге саяхат жасауға жиналғанын хабарлаған болатын. Қытайда ең танымал, адамдар көп барған бағыттар – Бейжің мен Шанхай.


Соңғы жаңалықтар