+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Қытайда тек «шетелдік» COVID-19 жағдайлары ғана тіркеліп жатыр

2021 жылғы 13 қазан 15:08
Бөлісіңіз:
Қытайда тек «шетелдік» COVID-19 жағдайлары ғана тіркеліп жатыр

БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Қытайдың континенталды бөлігінде COVID-19 жұқтырудың шетелден жұқтырып келген 22 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы сәрсенбі күні ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда 170 мыңнан астам бала коронавирус вакцинасын алды Алматыда коронавирус жұқтырған 24 бала емделіп жатыр Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 27 адам көз жұмды

Сырттан әкелінген жаңа жағдайлардың ішінде 8-і Гуанси - Чжуан автономиялық ауданында, 5-еуі Юньнань провинциясында, 2-еуі – Шанхай қаласында және Гуандун провинциясында және Бейжің мен Тяньцзинь қалаларында, Чжэцзян, Фуцзянь және Шаньдун провинцияларында бір-бірден анықталды. Оның ішінде Чжэцзян провинциясындағы COVID-19 диагнозы расталған пациент коронавирусты тасымалдаушылардың симптомсыз санатынан ауыстырылды.

Шанхай қаласында «шетелдік» коронавирус жұқтырды деген күдікпен бір жаңа науқас анықталды. Сол күні Қытайдың континентальды бөлігінде COVID-19-дан көз жұмғандар болған жоқ, деп хабарлады ведомство.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT