Қытайда тәулік ішінде екінші рет жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмикалық стансалар желісі» Мемлекеттік мекемесі 08 сағат 51 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 415 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 11.2. MPV магнитудасы - 5.1. Ошағының координаттары 39.47° с.е. 76.71° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілуі жөнінде мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Соңғы жаңалықтар