Қытайда тауарларды ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар көмегімен жеткізу қызметі іске қосылмақ

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайлық «Shanghai YTO Express (Logistics) Co» тауарларды жедел жеткізу компаниясы «Alibaba» электрондық коммерция алыбымен қосылып Қытайда алғашқы ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың (дрондар) көмегімен тауарларды жеткізу қызметін іске қоспақ. Бұл туралы China Daily хабарлайды.

Идея авторларының айтуынша, тауарлар көпшілікке танымал taobao.com сайтынан Бейжің, Шанхай және Гуанчжоудағы тапсырыс берушілерге сәрсенбі мен жұма аралығында пилоттық режімде жеткізіледі. Салмағы 340 грамнан аспайтын тауарлар иелерінің қолына бір сағаттың ішінде тигізілмекі. Жобаны жасаушылардың оң ниеттеріне қарамастан, сарпашылар тауарларды дрондардың көмегімен жеткізу әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігі және ережелері мәселелеріне байланысты жақын болашақта көпшіліктің қолдауына ие болатынына күмән келтіріп отыр. Бұл ретте Қытайдағы қазіргі кезде тауарларды жеткізу әдісі (бір сағаттың ішінде) жоғары бәсекелестікке байланысты әлемдегі ең жеделі болып табылатынын айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар