Қытайда тәртіптік шара ретінде шенеуніктер әйелдерімен бір күн түрмеде отырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай билігі шенеуніктер мен олардың отбасылары үшін жергілікті түрмелерге экскурсиялар ұйымдастырды. Шара жемқорлық үшін сотталған бұрынғы әріптестерімен кездесіп, шенеуніктерге қылмыстың зардаптарын тереңірек түсіну үшін ұйымдастырылған, деп жазады ТАСС.

Аталған іс-шара туралы ҚХР Компартиясының Орталық комиссиясы хабарлаған. Атап айтқанда, «Чжунго жибао» газетінің бүгінгі санында мамыр айында қытайлық Хубэй провинциясының Шиянь қаласында 70-тен астам партиялық жетекші, мемлекеттік шенеуніктер мен олардың әйелдері тәртіптік шара ретінде жергілікті түрмеге қамауға алынғандарға барып, күні бойы олармен кездес деп жазылған. Осындай соңғы экскурсия өткен аптаның соңында өткен.

Соңғы жаңалықтар