Қытайда тағы су тасқыны болып, 21 адам көз жұмды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат –Қытай орталығындағы Хубэй провинциясында нөсер жауын салдарынан су тасқыны болып, 21 адам қаза тапты. Тағы төртеуі із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қытай орталық телевидениесіне сілтеме жасап.

Табиғи апат салдарынан әсіресе таулы аймақта орналасқан Хубэй провинциясының Суйсянь уезіндегі Люлинь кенті зардап шекті. Тәулік ішінде бұл жерде 503 мм жауын-шашын түскен.

Қытайлық БАҚ мәлімдемесіне сәйкес, нөсер жауын салдарынан Люлинь кентінде 21 адам қаза тауып, тағы төртеуі із-түссіз жоғалды. Апат салдарынан Люлинь кентінің 8 мың тұрғыны зардап шекті, сондай-ақ 2,7 мың құрылыс зақымдалған. Жолдарды су басып, 63 көпір және 700-ден астам электр бағанасы бүлінген.

Қазіргі кезде мұндағы автомобиль қозғалысы, байланыс және электрмен жабдықтау әлі қалпына келтірілген жоқ.

Еске салсақ, бүған дейін Қытай елінің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында толассыз жауған нөсер жауын салдарынан 7 мыңнан астам адам шұғыл қауіпсіз жерге көшірілгені туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар