Қытайда сұрапыл құйыннан 28 мың адам зардап шекті

None
None
ШЭНЬЯН. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында болған алапат құйын Кайюань қаласының 28 628 тұрғынына залал келтірді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Кайюань қаласы әкімшілік жағынан Телин қаласына бағынады. Телин қаласы басшылығының мәлімдеуінше, құйынның соққысынан алты адам қаза тапқан. Тағы 190 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Қазір ауруханаға жатқызылған 63 адамның екеуі ауруханадан шығарылған.

Құйын Кайюань қаласына 3 шілде күні кешкі 17:15 шамасында келген. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткен.

Соңғы жаңалықтар