+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қытайда су тасқынынан қаза тапқандар саны 302 адамға жетті

2021 жылғы 2 тамыз 18:53
Бөлісіңіз:
Қытайда су тасқынынан қаза тапқандар саны 302 адамға жетті

ХЭНАНЬ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың орталығында орналасқан Хэнань провинциясында нөсер жаңбыр және су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 302 адамға жетті. Бұл туралы дүйсенбі күні брифингіде жергілікті үкімет өкілі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

50 адамның хабар-ошарсыз кеткені айтылды.

Провинцияның әкімшілік орталығы Чжэнчжоу қаласында жауған нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан расталған құрбандар саны 292 болды.

Тағы 47 адам хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Синсянь қаласында жеті адам қаза тапқан, тағы үшеуі хабар-ошарсыз кеткен.

Пиндиншань қаласында бір адам мерт болған және екі адам хабар-ошарсыз кеткен.

Қытайлық әлеуметтік желі қолданушылары Чжэнчжоудағы метродан түсірілген видеоны бөлісіп жатыр.

Онда жолаушылардың лайлы суға беліне дейін, қала көшелеріндегі көліктердің суға батқаны көрсетілген.

Чжэнчжоуда нөсер жаңбыр мен су тасқыны қазірдің өзінде 45000 гектар алқаптағы егістікке зиян келтірген.

Келген шығын сомасы 65 жарым миллиард юань (10 миллиард АҚШ долларынан астам) деп бағаланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT