Қытайда су тасқынынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Цинхай провинциясында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті, тағы 36 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сәйкес, 18 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде су тасқынынан 16 адамның қаза болғаны, 36 адаммен байланыс үзілгені анықталды.

Апат аймағында 6 мыңнан астам жергілікті тұрғын қалды.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, 17 тамыз күні кешке Синин қаласының Датун уезінде (Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясы) нөсер жауын өтіп, одан орнаған су тасқыны мен көшкін өзен арналарының өзгеруіне әкелді.

Құтқару жұмыстарына 1600-ден астам адам мен 160 техника жұмылдырылды.

Бұған дейін Цинхай провинциясында (Солтүстік-Батыс Қытай) су тасқыны салдарынан кемінде 27 адам із-түзсіз жоғалып, төрт адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.


Фото: dymontiger.livejournal.com



Соңғы жаңалықтар