Қытайда су тасқынынан 5 адам қаза тауып, алтауы із-түзсіз жоғалған

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Шэньчжэнь қаласында су тасқынынан бес адам қаза тауып, алтауы із-түзсіз кетті. Бұл туралы Қытайдың Орталық телеарнасы хабарлады.

Деректерге қарағанда, тасыған су Лоху және Футянь аудандарында өзен жағасында жүрген жұмысшыларды ағызып әкеткен.

Бес адамның опат болғаны расталды, тағы алты адам хабар-ошарсыз жоғалған.

Іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар