Қытайда су тасқынына байланысты іс-шараларға 15 млн доллардан астам қаржы бөлінді

None
Фото: Синьхуа
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР қаржы және төтенше жағдайларды басқару министрліктері бірлесіп, Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй аймағындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға және табиғи апат салдарын жоюға 110 млн юань (шамамен 15,43 млн АҚШ доллары) бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Қаражат іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге және су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге бағытталады.

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэйді қоса алғанда 12 әкімшілік аймақта ауыл және су шаруашылығына келген залалға байланысты 842 млн юань бөлінген.

Бейжіңде 11 адамның өмірін қиған тайфуннан туындаған нөсер жаңбырдан кейін ауқымды іздеу-құтқару және зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары басталды.

Жергілікті биліктің ақпаратына сәйкес, 1 тамыздағы жағдай бойынша Хэбэй провинциясында ұзаққа созылған нөсерден 9 адам қаза тапты, тағы 6 адам хабарсыз жоғалып кетті. Жалпы алғанда 540 703 адам зардап шекті, 847 400 адам эвакуацияланды.

Солтүстіктегі Тяньцзинь қаласында Юндинхэ өзенінің суы арнауынан шығып, тасқынға ұшыраған аудандардан 35 мыңнан астам адам эвакуацияланды.


Соңғы жаңалықтар