Қытайда сотталған А.Тұрлыбайдың қорғаушысы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы өтініш жазды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы құзырлы органдарға оны Қазақстанға экстрадициялау туралы өтініш жазды.

«Сотталған Қазақстан азаматтарын өзге елден қайтару үшін ең бірінші кезекте жақындарының арызы болуы керек. 14 сәуірде Халқаралық актілердің талабына сай мен Ақжарқынның анасы Сейтімова Зухраның атынан ҚР бас прокуратурасына Гуанчжоу сотымен сотталған Ақжарқынды Қазақстанға экстрадициялау туралы өтініш жаздым», - деді қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов.

Қорғаушының айтуынша, егер апелляциялық арыз қанағаттандырылмаса, яғни Ақжарқын өмір бойы бас бостандығынан айрылса, оны жақындары Қазақстанға ауыстыруға ниетті.

Өтініштің көшірмесі ҚР СІМ-іне жіберілді.

Айта кету керек, 2014 жылы наурызда 20 жасар бойжеткен Гуанчжоу әуежайында героинмен ұсталған болатын. Қытай соты Ақжарқынды өмір бойы бас бостандығына айыру туралы шешім қабылдады. Кейін қыздың отбасы апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық отырыстың қашан өтері әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар