Қытайда СҚО тауарларының сауда алаңы пайда болады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қытай кәсіпкерлері Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашалық тауарларының өндірушерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлердің Өңірлік палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қытай бизнесмендері жергілікті өнімге қызығушылық танытып отыр. Делегацияны «Шаньси» ауылшаруашылық экономикалық бірлестігінің басшысы Фан Шиджина басқарды.

Қытай бизнесмендері ауылшаруашылық алқаптары мен мал бордақылау алаңдарына барып, фермерлермен сөйлескен соң солтүстікқазақстандық өнім барлық сапа талаптарына жауап беретінін және экологиялық таза екенін айтып өтті.

«Біз сіздерде ірі өнеркәсіп орындары жоқ екенін байқадық, яғни бұл жердің климаты қолайды. Шаруалармен тілдестік. Олардың айтуынша, өнімнің қандай да бір сортын өсіргенде ешқандай химиялық қоспалар қосылмайды. Біздің делегацияда сіздердің өнімдеріңізді өз нарығында пайдаланғысы келетін сауда үйлерінің өкілдері бар», - деді Фан Шиджин.

Баспасөз қызметі мәлім еткендей, Шаньси провинциясында қазақстандық тауарлар қойылатын сауда алаңын ашуға қатысты мәселе қытайлық тараппен бірлесіп шешіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан да серіктестікке қызығушылық танытуда. ҚХР-да кез келген экологиялық таза өнімнің бағасы аса жоғары. 

Соңғы жаңалықтар