Қытайда ШЫҰ халықаралық сауда-инвестициялық жәрмеңкесі өтеді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазан айының 16-18 күндері Қытайдың шығысындағы Циндао қаласында Шанхай Ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттердің халықаралық сауда-инвестициялық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі көрменің ұйымдастырушы комитетіне сілтеме жасап.

Шара аясында тұңғыш рет ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер мен Қытайдың Циндао ынтымақтастық ұйымы есігін айқара ашады. Ол ұйым өнімдерді таныстырып, сауда-инвестициялық келіссөздер мен роуд-шоуларды өткізетін көпфункциялы алаңға айналады.

Халықаралық сауда-инвестициялық жәрмеңкені өткізу барысында қаржы, ауыл шаруашылығы, мәдениет пен туризм, жеңіл өнеркәсіп пен халық қолөнерінің тауарлары мен қызметтері таныстырылады.

Көрмеге қытайлық және шетелдік, соның ішінде қазақстандық 600-ге тарта компания қатысады.

Еске сала кетсек ШЫҰ - 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның қатысуымен құрылған, тұрақты жұмыс істейтін халықаралық ұйым. Оның құрылуына «Шанхай бестігі» механизмі түрткі болған еді.

2017 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесі Үндістан мен Пәкістанға берілді.

ШЫҰ шеңберінде 2006 жылдан бері ұйымға мүше мемлекеттердің Іскерлік кеңесі жұмыс істеп келеді.

Сурет Синьхуа агенттігінен алынды


Соңғы жаңалықтар