Қытайда шахтаны су басып, 11 кенші жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы шахтаны су басуы салдарынан он бір кенші із-түссіз жоғалған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Агенттіктің мәліметтерінше, оқиға дүйсенбі күні таңғы сағат 8-де (жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00-де) Шэньси провинциясындағы Zhaojin Coal Mine шахтасында орын алған. Оқиға кезінде шахтада 67 кенші болды. Олардың 56-сы шахтадан шыға алды. Құтқарушылар жоғалғандарды іздеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар