Қытайда шахтадағы өрт салдарынан жер астында қалып қойған 11 адам құтқарылды

None
None
ЦЗИНАНЬ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Бейсенбі күнгі мәлімет бойынша, Қытайдың солтүстігіндегі көмір шахтасында болған апат салдарынан жер астында қалып қойған 11 адам құтқарылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Олар ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайлары бірқалыпты.

Еске сала кетейік, 20 қараша күні түнде Шығыс Қытайдағы Шаньдун провинциясы Цзинин қаласының Цзясян уезінде орналасқан «Лянбаосы» көмір шахтасынан өрт шыққан болатын. Салдарынан 11 адам жер астында қалып қойған.

Айта кетейік, аталған шахтаның өндірістік қуаты жылына 3 млн тоннаны құрайды.

Соңғы жаңалықтар