Қытайда шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Құтқарушылар ҚХР солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында апаттық шахтадан 19 кеншінің денесін тапты, олар бұған дейін із-түзсіз жоғалғандар тізімінде еді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, бір айға созылған іздеу-құтқару операциясы ресми аяқталды. Оған жедел қызметтің мыңнан астам қызметкері қатысты.

Гангца уезіндегі шахта 14 тамызда су астында қалды. Төтенше жағдай кезінде шахтаның ішінде 21 адам болған. Бір кенші жер бетіне өзі шығып үлгерген.


Соңғы жаңалықтар