Қытайда салынып жатқан көпірге кран құлап, бес адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстік-батыс провинциясы Шэньсиде салынып жатқан көпірде консольдік-шлюздік кранның құлауы салдарынан бес адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мянь үйезі билігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Үш адам оқиға орнында жан тапсырған. Ауруханаға жеткізілген тоғыз адамның екеуі алған жарақаттардың салдарынан көз жұмды. Тергеу жүргізілуде.

Оқиға бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 14.25-те орын алған. Әзірге белгісіз себептермен көпірдің үстінде жүргізіліп жатқан жұмыстар кезінде аяқ астынан кран құлап түскен. Жұмыстар Ханьчжун қалалық округінің жылдамдықпен жүретін автомагистралін кеңейту және қайта құру жөніндегі жоба аясында жүргізіліп жатқан еді.


Соңғы жаңалықтар