Jańalyqtar
Қытайда пышақпен қаруланған қаскөй 9 адамды жаралаған
2014 жылғы 27 қараша 19:57
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Наньнин қаласында (ҚХР Гуанси-Чжуан автономды ауданының әкімшілік орталығы) пышақпен қаруланған ер адам тоғыз адамды жаралады. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Оның мәліметтерінше, бұл азамат адамдарға қаладағы супермаркеттердің бірінің қасында шабуылдаған. Полиция қызметкерлерінің қолына да ол сол жерде түскен.
Зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары қылмыскердің мұндай әрекеттерге баруына не себеп болғанын анықтау үстінде.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Жапонияда құрастырылған робот-қасқыр аңдарды үркітіп жатыр
- Гонконгте індет тарағалы алғаш рет локдаун енгізілді
- Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды
- Гвиней шығанағында түрік кемесіне қарақшылар шабуылдап, 15 теңізші тұтқынға алынды
-
Аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кинг өмірден өтті
-
Бельгия маңызы жоқ сапарларға тыйым салды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER