Қытайда пневмонияның жаңа түрінен қайтыс болу жағдайы екінші рет тіркелді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 69 жастағы ер адам коронавирустың жаңа түрінен туындаған вирустық пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті денсаулық сақтау органына сілтеме жасап.

«2020 жылдың 15 қаңтарындағы жағдай бойынша коронавирустың жаңа түрі 41 адамнан табылды. Олардың бесеуі ауыр халде жатса, екеуі көз жұмды. Он екісі ауруханадан емделіп шықты», - делінген Ухань қалалық денсаулық сақтау органының хабарламасында.

Науқастармен байланыста болған адамдардың саны 763 адамды құрап отыр. Қазіргі уақытта 119 адам дәрігерлердің бақылауында.

Аурудың адамдардың бір-біріне берілу жағдайлары анықталған жоқ.

«Ухань пневмониясының» өршуі әлемдегі ең ірі болып саналатын, халықтың жаппай ішкі көші-қонын тудыратын ай күнтізбесі бойынша дәстүрлі қытай жаңа жылының қарсаңында (25 қаңтардағы түнде басталады) орын алады.

Қытай билігінің болжамына сәйкес, биыл «Чуньцзені» дайындау және мерекелеу үшін 40 күн ішінде азаматтар ел бойынша 3 млрд сапар жасайды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Ухань қаласындағы «Тяньхэ» халықаралық әуежайында (Хубэй провинциясы) жолаушыларды жылумен сканерлеу жүргізілуде.

Автор:

Руслан Сулейменов


Соңғы жаңалықтар