Қытайда өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарынан ақмолалық спортшылар жүлдемен оралды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін ақмолалықтар Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін қарсы алды. Бұл туралы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлады.

Олимпиада жүлдегерлерін қарсы алуға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, спорт мекемелердің басшылары, жерлес спортшылардың туған-туыстары мен жанкүйерлері және өзге де спорт сүйер қауым жиналды. Жеңімпаздарға тиісті деңгейде құрмет көрсетілді.

Еске сала кетсек, аспанасты елінде 2-ші жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары өткен болатын. Оған әлемнің әр елінен келген жасөспірімдер спорттың 33 түрі бойынша бақ сынаған еді. Осынау додаға Қазақстан құрамасы атынан қатысқан ақмолалық атлеттер Жасұлан Қалиев пен Татьяна Капустина қола медальге қол жеткізіп, командалық есепте ел қоржынына маңызды ұпай алып берген болатын.

Әсіресе, зілтемір көтеруден 63 келі салмақтан жоғары сынға түскен 15 жасар қыз Татьяна екі жаттығу бойынша 228 келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды, сондай-ақ, пауэрлифтингтен 77 келі салмақта жарысқа түскен Жасұлан Қалиев те қос сайыс бойынша 310 келі нәтиже көрсетіп, үшінші жүлделі орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар