Қытайда орман өртін сөндіру кезінде 19 адам мерт болды

None
None
БЕЙЖІҢ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батыс бөлігінің Синьчуа провинциясында болған орман өртін сөндіру кезінде 19 адам мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккендердің арасында 18 өрт сөндіруші мен оларға жол көрсеткен орман шаруашылығының қызметкері бар. Олардың барлығы сейсенбі күні түнгі сағат 2-де жел бағытының кенеттен өзгеруі салдарынан тілсіз жаудың қоршауында қалған.

Жергілікті фермада өрт дүйсенбі күндізгі сағат 15:51-де басталған және қатты жел салдарынан жылдам таралып кеткен, деп хабарлайды Сичан қаласының жергілікті ақпараттық бюросы.

Бұған дейін ҚазАқпарат дүйсенбі күні тілсіз жаумен күреске екі мыңнан астам адам жіберілгені туралы хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар