Қытайда өндірілген 180 кг дәрі-дәрмекті елге кіргізбек болған азамат ұсталды

None
None
ҚОРҒАС. ҚазАқпарат - 180 келіге жуық қытай дәрі-дәрмегі мен 18 000 доллардан астам валюта контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қорғас шекаралық бақылау отрядының шекарашылары Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығынан контрабандалық жолмен дәрі әкеле жатқан қазақстандық азаматты ұстады. Ол Қытайда шығарылған жалпы салмағы 179 кг болатын дәрі-дәрмекті ел аумағына кіргізбек болған.

Тағы бір Қазақстан азаматы біздің елден көрші мемлекетке қарай 18 042 АҚШ доллар, 16 200 теңгені кеденде рәсімдемей алып өтпек болды.

Контрабандалық жүк пен заңсыз қаражат актіленіп, кеден қызметкерлеріне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар