Қытайда омикрон штамы тіркелді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Тяньши қаласында коронавирустың омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелді.

Бұл туралы Аурулардың алдын алу мен бақылау муниципиалдық орталығының дүйсенбі күні жарияланған хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Хабарламада вирус жұқтырған адамның шеттен келгені айтылған. Ауру симптомсыз өтеді, қазіргі таңда науқас арнайы бөлінген ауруханада ем алып жатыр.

«Осылайша құрлықтық Қытайда омикрон штамы алғаш рет пайда болды»,- делінген Тяньцзинь қаласының эпидемиологиялық штабының мәлімдемесінде.

Қытай мегаполисінің билігі тұрғындарды COVID-19 вирусының алдын алу мен сақтандыру шараларын мұқият ұстануға шақырды. Яғни маска тағып, қолды жиі жуып отыру керек және әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн.

Тяньцзинь ҚХР-дың орталық бақылауындағы қала, онда 13 млн-нан астам халық тұрады. Қытай мегаполисі ел астанасы Бейжіңнен 100 км қашықтықта жатыр.


Руслан Сүлейменов
Соңғы жаңалықтар