Қытайда мыңдаған қазақстандық визалар кімге берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Қытайдың Бейжің қаласында Қазақстан елшілігі, Шанxай мен Гонгконгте бас консулдық, сондай-ақ Үрімжі қаласында паспорттық-визалық қызмет жұмыс істейді.

 Аталған нысандардың барлығында Қытай азаматтарына қазақстандық визалар беріледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде мыңдаған Қытай азаматтары Қазақстанға келіп, осы жерде қалып қояды деген тұспалдар бар. Сондықтан Бейжің, Шанxай, Гонгконг пен Үрімжіде берілеген визалардың жалпы санын, оның кімге берілетінін баяндап берейін", - деді Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шаxрат Нұрышев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның мәліметіне сәйкес, өткен жылы Қытай Халық Республикасының азаматтарына 118 321 виза берілді. Соның ішінде 83 358 визаны, яғни барлық рұқсат қағаздарының 70 пайызын сол жерде тұратын қазақтар алды. Қалғаны - жұмыс, туристік және білім алу үшін берілетін визалар. "Ал ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде 86 203 виза рәсімделді. Оның ішінде 58 474 виза немесе 68 пайызы этникалық қазақтарға берілді. 15 мыңнан астамы - іскерлік визалар, 6 мың жұмыс визасы, 5 мың туристік, 299 оқуға, 322 қызметтік, 23 инвесторлық және 56 транзиттік визаны басып бердік", - деп атап көрсетті елші.

Соңғы жаңалықтар