Қытайда мұнай зауытында машина жарылып, бес адам опат болды

None
None
БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат - Қытайда мұнай зауытында машина жарылып, бес адам қаза тапты. Бес адам жараланған, тағы үшеуінің тағдыры беймәлім, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін жергілікті уақытпен сағат 07:00 шамасында Яньань қаласындағы Yangcheng Oil Field компаниясының өндіріс алаңында болған.

Тергеушілер көлікке қондырылған қондырғыны сынақтан өткізу кезінде кенет жарылып кеткенін айтады. Қондырғы - Хунань провинциясындағы энергетика компаниясынікі.

Зардап шеккендердің бәрі де ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақты дейді.

Жарылыс себептері анықталуда, тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар