Қытайда миллиондаған адам эвакуацияланды

None
None
БЕЙЖІҢ. СИНЬХУА – ҚазАқпарат - «Лекима» тайфуны салдарынан Қытай шығысынан миллиондаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Алапат дауыл Чжэцзян провинциясының Веньлин қаласына жеткен. Бұл биыл Қытайға төнген тоғызыншы тайфун. Супертайфунның жылдамдығы сағатына 187 км айналасында. Синоптиктер дауыл Аньхой, Фуцзянь, Цзянсу, Чжэцзян провинцияларына және Шанхайға нөсер алып келеді деп болжайды.

Кеше күндіз Чжэцзян провинциясында Төтенше жағдай жарияланды. 700 000 адам көшіріліп, уақытша баспаналарға орналастырылды.

Провинция бойынша жүздеген кеме, 288 рейс, тіпті пойыздар тоқтатылды. Жергілікті билік мың адамнан құралған құтқару командасын жасақтап, 150 өрт сөндіру машинасын, 153 қайықты дайындап отыр.

Сенбі таңында Шанхайда 253 000 адам қауіпсіз жерге көшірілді, пойыздар тоқтап тұр. Тайфун салдарынан қазірдің өзінде 3 000 ағаш құлап, жүздеген электр сымдары үзілген. Зақым келген электр желілерінің 80-і қалпына келтірілді.

Шанхайдың су тасқынымен күрес департаментінің мәлімдеуінше, қазір қалада нөсер құйып тұр.

Тайфун солтүстікке қарай 15 км/с жылдамдықпен жылжып, барған сайын әлсіреп келеді.

Соңғы жаңалықтар