Қытайда мейрамханадан өрт шығып, 17 адам қаза тапты

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР-дің солтүстік-шығысындағы Чанчунь мегаполисінде мейрамханалардың бірінде болған өрт салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Қытайдың Орталық телеарнасына (CCTV) сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:40-та кезекші қызметінің пультіне Цзилинь провинциясының Чанчунь қаласындағы мейрамханалардың бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жалынды сөндірген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де іздеу-құтқару жұмысы аяқталды.

17 адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті. Олар жергілікті ауруханаларда ем қабылдап жатыр.

Өрт салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу басталды.


Фото: media.publika.md



Соңғы жаңалықтар