Қытайда мереке күндерінде туристер ағыны артты

Фото: Фото: english.news.cn
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүкілхалықтық мерекелерде (29 сәуір – 3 мамыр) Қытайдағы туристер ағыны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70,8%-ға артып, олар 274 млн сапар жасады. Бұл туралы ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші мамырда Қытайда 274 миллион сапар жасалды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,8%-ға көп. Саяхат кезінде туристер 148 миллиард юань (ағымдағы бағам бойынша шамамен 21 миллиард доллар) жұмсады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 128,9%-ға өсті және 2019 жылғы көрсеткішпен теңесті.

Ең ірі мегаполис Шанхайға мамыр айының бірінші демалысында 15,6 миллионнан астам адам келді. Қаланың туризмнен түскен кірісі бес күн ішінде 18,9 миллиард юаньды (шамамен 2,7 миллиард доллар) құрады. Шанхайдың басты көрікті жерлері 6,4 миллион туристті тартты. Мегаполистегі қонақүйлердің орташа толымдылығы 70%-дан асты.

Мамыр айындағы мерекелерде Хайнань курорттық аралына туристер ағыны 3,2 миллион адамнан асты (+141,5%). Бес күн ішінде Хайнанның ішкі туризмнен түскен кірісі 4,23 миллиард юаньды (612 миллион доллар) құрады.


Соңғы жаңалықтар