Қытайда марафон кезінде 16 адам көз жұмды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында спорттық марафон кезінде кемінде 16 адам көз жұмып тағы бесеуі із-түссіз кетті, деп хабарайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, жергілікті уақытпен сағат 13:00 шамасында Байинь қаласы (Ганьсу провинциясы) маңында спорттық шара кезінде ауа райы аяқ астынан бұзылып, қатты жел мен бұршақ жауған. Спорттық шара бірден тоқтатылды.

Соңғы мәліметке қарағанда, ауа райының қолайсыздығынан 16 адам көз жұмып, тағы бес адам із-түссіз жоғалып кетті.


Авторы Руслан Сүлейменов



Фото: Fan Peishen/ Xinhua/Global Look Press


Соңғы жаңалықтар