Қытайда магнитудасы 4,3 тағы бір жер сілкінісі тіркелді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Сычуань провинциясының оңтүстік-батысында магнитудасы 4,3 тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агентігіне сілтеме жасап.

Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзала ошағы Вэйюань уезінің Нэйцзян қаласынан 20 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 10:36-да тіркелген. Ол 7 км тереңдікте басталған. Ол 16 млн тұрғыны бар Чэнду қаласынан 140 шақырым, 31 млн тұрғыны бар Чунцин қаласынан 200 км жерде болды. Әзірге қираған ғимараттар мен зардап шеккен адамдар туралы мәлімет жоқ.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Вэйюань уезінде бұған дейін бір жойқын жер сілкінісі болған. Алғашқы жер дүмпуінің магнитудасы 5,4 болды, ол таңғы сағат 06:42-де тіркелді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес зілзаладан бір адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар