+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қытайда құйыннан 12 адам қаза тауып, 400-ден астамы зардап шекті

2021 жылғы 16 мамыр 10:21
Бөлісіңіз:
Қытайда құйыннан 12 адам қаза тауып, 400-ден астамы зардап шекті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың Ухань және Сучжоу қалаларында жойқын торнадодан 12 адам қаза тауып, 400-ден астам тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Global Times басылымына сілтеме жасап.

Қытай газеті таратқан мәліметке сенсек, Орталық Қытайдың Хубей провинциясында орналасқан Ухань қаласында табиғат апатынан 8 адам мерт болған, 280-і зардап шекті.

Сенбі күні таңертең күшті жел мен құйыннан 480 тұрғын үй қирап, зақымданған. 8 мың шаршы метр аумақта құрылыс алаңындағы уақытша ғимараттар опырылып қалды.

Сол күні Уханьның Тяньхэ халықаралық әуежайында 87 рейс кешігіп ұшты, тағы 123 рейс мүлде кейінге қалды.

Шығыс Қытайдағы Цзянсу провинциясының Сучжоу қаласында дауылдан 4 адам көз жұмды. 149 тұрғын жарақат алды.

Үскірік желдің екпіні секундына 23,9 метрге жеткен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT