Қытайда құс тұмауынан жабайы аққулар қырылуда

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңнің солтүстік-батысында орналасқан Жазғы император сарайында H5N8 вирусынан болатын құс тұмауы өршіді. Бұл туралы дүйсенбі күні ҚХР Ауыл шарушалығы және ауылдық істер жөніндегі министрлік мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Үш жабайы аққу мен өзге тағы үш құс вирустан өлді. Бейжің - соңғы үш айда Қытайда жабайы аққуларда құс тұмауы тіркелген үшінші елді мекен. Бұған дейін аурудың өршуі Шаньси және Шаньдун провинцияларында болған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, H5N8 құс тұмауының адамға берілуі мүмкін екендігі туралы әзірге еш дәлел жоқ.

«Барлық өлген аққу тиісті түрде жерленіп, іргелес аумақта дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар