Қытайда құс тұмауына шалдыққандардың саны артып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында жыл басынан бері H7N9 құс тұмауына шалдыққан адамдардың саны 30-ға дейін өсті.

Жексенбіде жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Цзеян қаласында осындай диагноз қойылған 48 жастағы пациент қайтыс болды, тағы бірнеше адам ауыр халде жатыр. Мамандардың пікірінше, бұл ауруды жұқтырудың көптеген оқиғаларына адамдардың тірі құстармен байланысы себеп болуда.

Гуандун фермаларында аурудың ошағы табылған аудандарда тауықтар мен басқа да үй құстарын жаппай жою жұмыстары жүргізілуде. Барлық базарларда құстарды тірілей сатуға тыйым салынған.

Билік көздері 19 ақпанда атап өтілетін Чуньцзе - ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын қауіпті дерттің жылдам таратылуынан қорқып отыр. Қытайлықтардың үйлерінде мерекелік тағамдар қатарында тауық етінен жасалған ас міндетті түрде болады, көп адамдар тауықтарды тірі күйінде сатып алғанды ұнатады.

ҚХР-да құс тұмауы алғаш рет 2013 жылдың наурыз айында тіркелген. Өткен жылы мұнда H7N9 індетіне 120 адам шалдықса, соның 39-ы көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар