Қытайда құлаған жартас туристер толы автобусты басып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда жартас сынықтары туристер мінген автобусты басып қалды. Қайғылы оқиға жергілікті уақытпен 14:00-де болды. Автобус Ченду қаласына бара жатқан, деп хабарлайды Синьхуа.

Оқыс оқиға салдарынан кем дегенде 8 адам қаза тауып, 16-сы жарақаттанған.

Ішінде 28 турист пен екі жүргізуші болған автобусқа тау жолымен кетіп бара жатқан мезетте жоғарыдан жартас сынықтары құлаған. Келеңсіз жағдай елдің оңтүстік батысындағы Нгава-Тибет автономды округінде жергілікті уақытпен 14:00 шамасында болған.

Автобус Сунгчу үезінен Чэнду қаласын бара жатқан. Полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Соңғы жаңалықтар