Қытайда коронавирусқа қарсы шектеу шаралары жеңілдеуде

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжің мен Үрімші билігі осы аптада коронавирус профилактикасы бойынша шараларды оңтайландырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Бейжің аурулардың алдын алу және бақылау орталығынан атап өткендей, COVID-19 инфекциясының саны өсуі аясында эпидемиямен күресу шараларын оңтайландыру қажет. Бейжіңнің эпидемиологиялық қаупі жоғары аймақтарында орналасқан тұрғын үй кешендерінің қақпалары мен кіреберістерін бұғаттауға тыйым салынады.

Медициналық тасымалдау, шұғыл эвакуациялау және шұғыл көмек көрсету үшін жол бос болуы керек. Бұған дейін Қытай астанасының билігі азық-түлік пен қажетті тауарларды сататын сауда орталықтары мен супермаркеттердің жұмысын жандандыруды жеделдететінін хабарлады. Мұндай сауда нүктелеріне COVID-19 жағдайлары анықталған кезде ғимарат жабылғаннан кейін және дезинфекцияланғаннан кейін жұмысты қайта бастауға рұқсат етіледі. Өткен тәулікте Бейжіңде коронавирус жұқтырудың 4,3 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталды. ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің (ШҰАӨ) әкімшілік орталығы – Үрімші қаласында қоғамдық көлік және жеткізу қызметтерінің жұмысы қалпына келтірілді. Эпидемиологиялық қауіп деңгейі төмен қалалық аудандарда кәсіпорындар, супермаркеттер, дәріханалар мен тамақтану орындары жұмысын жалғастыруда. Үрімші муниципалдық билігі сейсенбі күні брифинг барысында мұқтаж тұрғындарға коронавирус эпидемиясының салдарын жеңуге көмек көрсетуге бағытталған шаралар әзірленгенін мәлімдеді. Табысы төмен немесе табысы жоқ қала тұрғындары үшін субсидиялар беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша тұрғын үйді жалға алатын отбасылар бес айға жалдау ақысынан босатылады. Үрімшіде тұратын және жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған аз қамтылған тұрғындар үшін қала билігі жұмыс орындарын ұсынады. ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте құрлықтық Қытайда ауру жұқтырудың 38 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытайда бір тәулікте коррнавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асқан болатын. Соңғы алты ай ішінде Қытайда алғаш рет коронавирустан болған үш өлім жағдайы тіркелген еді.

Сонымен қатар Бейжіңде коронавирус карантиніне қарсы наразылық шеруі өтті.


Фото: Su Yang/ EFE


Соңғы жаңалықтар