Қытайда коронавирус жұқтыру қарқыны төмендеп келеді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда ұлттық деңгейге шыққан коронавирус эпидемиясының қазіргі толқыны аяқталуға жақын. Бұл туралы демалыс күндері брифинг кезінде ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«14 күннен аса коронавирустың қазіргі толқыны өршіген 8 провинцияда жаңа жергілікті жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ. Хэйхэ және Далянь қалаларындағы вирустың өршуі тоқтады. Ұлттық деңгейге шыққан қазіргі толқын аяқталуға жақын», - деп мәлімдеді Ми Фэн. Оның айтуынша, Қытай COVID-19-дың алдын алу және бақылау саясатын жүргізуді жалғастырады, сонымен қатар елдің порттарында алдын алу шаралары күшейеді.

19 қарашадағы жағдай бойынша 2020 жылдың желтоқсанынан бастап Қытай дәрігерлері 2,42 миллиард екпе салған. Вакциналаудың толық курсын алған адамдар саны – 1 миллиард 76 миллион.

Еске сала кетейік, Қытайдағы коронавирустың қызіргі «жергілікті» толқыны 17 қазан күні басталды, осы уақытқа дейін провинция мен аудандардарда 1,6 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.

Соңғы күнлдері Қытайдың құрлықтағы бөлігінде 17 жаңа жұқтыру жағдайы (олардың төртеуі – жергілікті) тіркелді. Төрт жергілікті жағдай Ляонин (Далянь қаласы) және Юньнань провинцияларында анықталды. Соңғы деректерге сәйкес, Қытайдың құрлықтағы бөлігінде вирус жұқтырғандардың 94,17%-ы жазылып шыққан.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап COVID-19 жұқтырғандар саны 98,4 мың адамға жетті. Мұнда коронавирустан 4 636 адам қайтыс болды.


Авторы Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар