+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап өсуде

2020 жылғы 30 шілде 09:14
Бөлісіңіз:
Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап өсуде

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат –Қытайда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың жаңа расталған оқиғалар саны екінші күн қатарынан 100-ден асты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тың бас инфекционисі коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның қауіпсіз екеніне күмәнданды Елімізде 1 423 коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония тіркелді 975 қазақстандық коронавирустан емделді

Қытайдың денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті таратқан мәліметке қарағанда, елде соңғы тәулікте (29 шілдедегі жағдай бойынша) коронавирус жұқтырудың 102 расталған оқиғасы тіркелген, соның ішінде 96-сы – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА), бесеуі Ляонин провинциясында және біреуі – Бейжің қаласында тіркелген.

«Шыңжаңда COVID-19 жұқтырудың 414 расталған оқиғасы тіркелді, соның ішінде 412 оқиға - Үрімжіде, сондай-ақ, ауру белгілерінсіз жүрген 143 адам (140 адам Үрімжіде) анықталды. 12 мыңнан астам адам дәрігерлер қарауында», - делінген ҚХР денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің ақпараттық бюллетенінде.

Қытайда коронавирус жұқтырудың 84 165 расталған оқиғасы анықталған. Ауруханадан 78 957 адам емделіп шығарылды. Вирустан 4634 адам қайтыс болды. Қазіргі кезде 547 науқас стационарлық ем қабылдауда (соның ішінде 33 адам ауыр халде жатыр).

Еске сала кетейік, кеше Шыңжаңда коронавирусқа шалдыққандардың рекордтық саны тіркелді. Қытайдың бірнеше өңірінде коронавирустың ошағы анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT