Қытайда коронавирус жұқтырғандарды бір орталықта оқшаулап ұстау тоқтатылды

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР-да енді коронавирус инфекциясын жұқтырғандар үйден емделе алады немесе медициналық мекеменің көмегіне жүгінуіне болады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

COVID-19-ға диагностика жасау және емдеу хаттамасының жаңартылған нұсқасына сілтеме жасаған «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Қытайда COVID-19-ға шалдыққандарды карантин орталықтарында оқшаулау алынып тасталды. Бұған дейін Қытай билігі коронавирусты мүлдем таратпау саясатын жүргізіп, ҚХР-дің барлық әкімшілік-аймақтық мекемелерінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарға арнап карантин орталықтарын салған болатын.
Енді науқастарға ауруханадан шыққанда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тесттің теріс нәтижесі қажет емес. COVID-19-ға диагностика жасау және емдеудің жаңа хаттамасында ауру бұрын «жаңа коронавирус пандемиясы» болса, енді «жаңа коронавирус инфекциясы» болып өзгерген.
Бұған дейін ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитеттің шешімі бойынша коронавирусқа қарсы күрес шараларының санаты ең жоғарғы А-дан В-ға түскен болатын.
Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының 2023 жылдың 6 қаңтарындағы дерегіне сәйкес, құрлықтық Қытайда өткен тәулікте 10,6 мың адам коронавирус жұқтырған. Денсаулық туралы мәлімет жинайтын Airfinity британдық компаниясының зерттеуі бойынша, COVID-тен тәулігіне 9 мың адамға дейін қайтыс болған. Пандемия басталғалы ҚХР-да коронавирустан 5267 адам қайтыс болды.


Фото: AP Photo

Соңғы жаңалықтар