Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 42 мыңнан асып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 1016-ға жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 ақпанда ҚХР-дың барлық провинцияларында, автономды аудандарында жаңа коронавирустық пневманияның 42648 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1016-ы өліммен аяқталған. Өлім көрсеткіші 2,3 пайыз. 3396 адам (9,3 пайызы) сауығып шығарылды. Әлемде 27 елде коронавирустың жаңа түрімен сырқаттанудың 448 расталған жағдайы тіркелді. Бұл ретте ҚХР-да сырқаттанудың өсу қарқыны 31 қаңтардан бастап 11 ақпан аралығында 3,6 есе – 22 пайыздан 6,1 пайызға дейін төмендеді. Бұл – ҚХР-да эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталу үрдісі байқалғанын көрсетеді», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында осы жылдың 6 қаңтарынан бастап мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлығы 260 мың адам қаралған.

«Оның ішінде ҚХР-дан келгені - 30852 адам. Бүгінгі таңда температурамен және ЖРВИ бар 140 адам емдеуге жатқызылды. Оның 113-і сауығып шықты. 27-і стационарда жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Емдеуге жатқызылған адамдардың ешқайсысында коронавирус анықталған жоқ. Медициналық ұйымдар Қытайдан келген 23 мың адамның денсаулығына күні бойы мониторинг жасайды. Бүгінгі күні инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 15478 адам мониторингтен алынды. 8690 адам медициналық бақылауда тұр. Ешкім де коронавирустық инфекиция күдігі тіркелген жоқ», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар