Қытайда коронавирус індетінің аяқталу мерзімін атады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирус індетіне байланысты жағдай биылғы жылдың сәуір айының соңына қарай бақылауға алынады. Бейсенбі күні өткен бринфингте ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің сарапшылар тобының жетекшісі Чжун Наньшань осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Біз бұрын эпидемияның шарықтау шегі ақпанның ортасында немесе соңында болады деп болжаған едік. 15 ақпаннан кейін коронавирус анықталған жаңа жағдайлардың саны азая бастады. Індеттің сәуір айының соңына дейін бақылауға алынатынына сенімдіміз», - деді Чжун Наньшань.

Ол «эпидемияға қатысты болжамдар жасағанда, біз ең алдымен Қытайды назарға алып, басқа елдерді қарастырмайтынымызды» мәлім етті.

«Індет алғаш рет ҚХР-да туындады, бірақ Қытайда басталды деу міндетті емес», - деп атап өтті қытай академигі.

Чонг Наньшань: «коронавирустың шығу көзі әлі де түсініксіз»,- деп мәлімдеді.

Жалпы алғанда, өткен тәулік ішінде (26 ақпанда сағат 24: 00-ге дейінгі жағдай бойынша) Қытайда коронавирус жұқтырудың 433 жаңа жағдайы анықталды, 29-ы көз жұмды, 2750 адам емделіп, ауруханалардан шығарылды.


Соңғы жаңалықтар