Қытайда қонақүйдің бір бөлігі опырылып құлады, зардап шеккендер бар

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда қонақүйдің бір бөлігі опырылып түсті. Қонақүй елдің шығысындағы Цзянсу провинциясының Сучжоу қаласында орналасқан. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Қытай Халық Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, жергілікті уақыт бойынша сағат 18:40-та құлаған қонақүйдің астынан сегіз адам шығарылды. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды, төрт адамның жағдайы тұрақты, үшеуіне медициналық көмек көрсетілді. Тағы 10-ға жуық адам хабар-ошарсыз кеткен.

Сучжоу қаласындағы «Сыцзи Кайюань» қонақ үйі ғимаратының бір бөлігі дүйсенбі күні түстен кейін опырылып түскен.

Төтенше жағдайдың себептері әлі айтылмады. Оқиға орнында іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар