Қытайда көлік бір топ адамды қағып кетті

Фото: None
ДАЛЯНЬ. Синьхуа –ҚазАқпарат – Сенбі күні Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында көлік жаяу жүргіншілер тобын қағып кетті. Жол апаты салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Сенбі күнді Далянь қаласында сағат 11:47-де адамдар тобы көшеден өте берген кезде оларды қара седан соққан. Артынша жүргізуші оқиға орнынан іөін суытқан, деп хабарлады қаланың Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы.

Полиция жүргізушіні ұстады. Келеңсіз жағдайға қатысты тергеу жалғасуда.