Қытайда кейуана пұт құдайы деп ойлаған қуыршаққа сыйынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы компьютер клубының сыртына орнатылған бейнебақылау камерасы қызықты сәтті түсіріп алған. Егде жастағы әйел қазіргі заман кумирін өздерінің пұт құдайымен шатыстырып, League of Legends компьютер ойынындағы қаһарман мүсінінің алдында жүгінген.

Кейуана «қуыршақтың» алдында шырақ тұтатып, дұға оқып, одан кейін өз жолымен кете берді, деп жазады Shanghaiist.

Жергілікті тілшілердің айтуынша, қытайлық әйел Гарена есімді қаһарманды Үшпатшалық дәуірдің әскери қолбасшысы  Гуань Үймен шатыстыруы мүмкін.

null null  

Соңғы жаңалықтар