Қытайда қазақстандық бойжеткен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда Қазақстан азаматшасы Юлия Ходеваның ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 ақпанда Чжэцзян провинциясының құқық қорғау органдары ҚР азаматшасы Юлия Ходеваны ұстады. Ол есірткі құралдарын сақтау және тарату бойынша күдіктелуде», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


СІМ мәліметінше, Шанхайдағы ҚР Бас консульдығы оның туыстарымен байланысқа шыққан, оларға консульдық-құқықтық кеңес берілген, атап айтқанда жергілікті адвокаттар ұсынылған.

«Юлия Ходева тарапынан қамаудағы жағдайына және денсаулығына байланысты шағымы жоқ. Тергеу үш айға дейін созылуы мүмкін. Дипломаттар мәселені өз бақылауына алды», - деді ол.

Бұған дейін бойжеткеннің анасы Оксана Ходева БАҚ-қа қызы Юлия Қытайда алты жылдан бері жүргенін мәлім еткен болатын. Ол Хуанчжоу қаласындағы Технологиялық университетте оқиды. Оның диплом алуына екі ай ғана уақыт қалған.


Автор: Дамир Байманов

Соңғы жаңалықтар