Қытайда Қазақстан ұлттық павильоны ашылды

ИУ. ҚазАқпарат – Қытайдың шығысында Чжэцзян провинциясында орналасқан Иу қаласында Қазақстан ұлттық павильоны ашылды. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
Мамандандырылған көтерме-бөлшек сауда орталығы ҚХР-да Қазақстан тауарларын дәріптеуге ықпал етпек. Онда қытайлық тұтынушылар Қазақстанда кеңінен танылған танымал азық-түлік және тоқыма өнімдерін сатып ала алады. Олардың арасында «Сұлтан» мен «Аян» маркаларының макарондары, «Рахат» пен «Баян Сұлу» кондитерлік өнімдері, «Dala» табиғи шырындары, Шығыс Қазақстаннан әкелінген бал және «Caspi Lana Atyrau» түйе жүнінен жасалған көрпелері бар.
Қазақстан өнімдері Қытайда танымалдыққа ие болып жатыр, деп атап өтті бірқатар қытайлық рейтелер компаниясының өкілдері. Олар ҚР-дан ҚХР-ға әкелінетін тауарлардың ресми дистрибьютері болуға дайын екендіктерін жеткізді.
Қазақстан ұлттық павильоны Шанхайдағы ҚР Бас консулдығы мен «El Tregi» қауымдастығының қолдауымен ашылды. Қазіргі уақытта Қазақстаннан тауарлар жеткізу құнын төмендету бойынша Қытай логистикалық және брокерлік компанияларымен жұмыстар жүргізілуде.
- Бейжіңде алғаш рет COVID-19-дың британиялық штамы анықталды
- Алматыдан 517 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді
- Коронавирус: Бейжіңде 100 мың такси жүргізушісі вакцина салдыруға жазылды
- Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты аурухана-изолятор салына бастады
-
ДДСҰ сарапшылар тобы COVID-19-дың пайда болу себебін анықтау үшін Уханьға келді
-
Бейжіңде 1 млн адамға COVID-19 қарсы вакцинаның алғашқы дозасы егілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам