Қытайда Қазақстан аймақтарының туристік әлеуеті таныстырылды

None
None
ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат – Қазақстан бұл күндері Қытай елінің оңтүстік Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласында ЭКСПО аясында өтіп жатқан «21 ғасырдағы Теңіз Жібек жолы» атты халықаралық туризм және мәдениет көрмесіне қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмедегі Қазақстан павильонында еліміздің туристік әлеуеті, мәдениеті мен дәстүрлері туралы ақпарат, сондай-ақ қазақстандық ауылшаруашылық өнімдері ұсынылған.

Қазақстандық павильон Гуандун провинциясы тұрғындарының ерекше қызығушылығын туғызды.

Бұл шара Қытайда биыл ҚХР Білім күнімен (1 қазан) тұспа-тұс келіп отырған күз мезгілінің ортасы мерекесінің қарсаңында өтіп жатыр. Қытайдың көп азаматтары бұл күндері демалып, ел бойынша немесе шетелге шығу мүмкіндігін пайдаланып жүр.

Оңтүстікқытайлық Гуандун провинциясы – 115 млн астам тұрғыны бар, халық тығыз орналасқан провинциялардың бірі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 1-8 қазан аралығындағы «туристік алтын аптада» жолаушыларды әуе тасымалдау өсімі 10 пайызға артады деп күтіліп отыр.


Автор: Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар