Қытайда қазақ студенті қарияны өлімнен арашалап қалды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -Қазақстандық студент Ғалымжан Исабеков Бейжің метросында есінен танып қалған қытайлық қарияға дер кезінде медициналық көмек көрсетті. Студенттің әрекеті жергілікті БАҚ пен интернет пайдаланушыларының ризашылығын тудырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

«12 қыркүйек күні Бейжің метросының «Әлемнің батыс қақпасы» стансасында 84 жастағы қария есінен танып қалған. Сюаньу клиникасына тағылымдамадан өтуге келген қазақстандық студент Ғалымжан Исабеков қарияға бірден жедел көмек көрсеткен. Ол тыныс алмай жатқан қарияға жасанды тыныс жасап, тиісті көмектерді көрсетіп, жедел жәрдем келгенге дейін есін жинатқан», деп жазады «Бейжің таңы» газеті.

Сонымен қатар Вэйсин әлеуметтік желісі арқылы 27 жастағы қазақстандық студентке өлімнен қалған қарияның қызы алғыс білдіріп, жазба қалдырды. Бұған қытайлық пайдаланушылар басым бөлігі пікір білдірген. «Ұлты мен азаматтығына қарамастан қайырымдылық жасадың, жақсылықтың шегі жоқ екенін дәлелдедің, сен періштесің», «Шетелдік жастар мен дәрігерлерге зор алғыс», «Қайырымдылықта шек жоқ, студентке алғыс» деген сияқты көптеген пікірлер қалдырылған.

Соңғы жаңалықтар